14 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №1135

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2015 жылғы 30 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 26 мамырдағы № 544 және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 31 мамырдағы № 605 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 544 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 36, 340-құжат); 2) «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 605 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 37, 366-құжат). 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.